From Wikipedia, the free encyclopedia
Кәрібжанов, Жәнібек Сәлімұлы — ҚР Парламенті Мәжіліс төрағасының орынбасары, Мәжіліс (IV шақырылым) депутаты. Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан.[1]
1948 ж. қарашаның 23 Ресей Федерациясы Омбы облысы, Шербакөл ауданы Айбас ауылында туған. Арғын тайпасының Атығай руының Бағыс бөлімінен шыққан.[2][3][4]
1971 ж. С.М.Киров атындағы Омбы ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
1989 ж. Қазақ КСР Мемлекеттік агроөндіріс комитеті агроөндіріс кешенін экономикалық дамыту және әлеуметтік жоспралау Бас басқармасының бастығы, Қазақ КСР Мемлекеттік агроөндіріс комитеті төрағасының бірінші орынбасары — Қазақ КСР министрі.
1996 ж. ҚР Премьер-минстрінің орынбасары, Ақмола облысының әкімі қызметтерінде болған.
1999—2001 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі.
2001—07 жж. Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР Вьетнамдағы, Монғолиядағы, Корей Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.
2007 ж. қаңтар — 2008 ж. мамыр Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
2008 ж. мамырдың 14 ҚР Парламенті Мәжіліс (IV шақырылым) төрағасының орынбасары.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.